• Ректор блогы

Ректор блогы

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті Ablai Khan University сайтының қолданушылары!

    Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
    педагогика ғылымдарының докторы
    профессор, ХҒА ЖМ академигі
    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі

    Жеке блогтан Сіздерге шын жүректен сәлем жолдаймын!

    Бұл блог Сіздердің Ablai Khan University туралы ойларыңызбен, ұсыныстарыңызбен, орын алған мәселелермен бөлісіп, өз мақсаттарыңыз бен жетістіктеріңіз жайлы хабарлап, университет ұжымын қуантып жүру үшін ашылған.

    Болашақта блог университет өмірінің өзекті мәселелері мен орын алған келеңсіз жағдайларын оңынан шешудің тиімді құралы ғана болып қоймай, сондай-ақ еліміздің гүлдене дамуы үшін аянбай еңбек етіп, биік жетістіктерге жету жолына қажетті жағдай қалыптастыру жолында университетімізге көмектеседі деп сенемін.

    Бізді таңдағандарыңыз үшін рахмет!

    Құрметпен,

    Басқарма Төрағасы – Ректор

    Салима Сагиевна Кунанбаева

    Қабылдау бөлмесі:

    872 7292-23-63

    Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

     

     

     

     

    Сұрақ қою

    Invalid Input

    Invalid Input

    Invalid Input

    Invalid Input

  • Педагогикалық тәжірибеден Алматы қаласында өту міндетті ме?
    Студенттердің Алматы қаласында ғана емес, басқа қалаларда да педагогикалық тәжірибеден өту мүмкіндігі бар. Ол үшін Студент тәжірибеден өтуді жоспарлап отырған білім беру мекемесі Университетпен келісімшарт жасасуы қажет. Мұндай келісімшарт тәжірибеден өту шарттарын реттейді, сондай-ақ мектептің оқу жоспарының талаптарына сәйкестігін растайды. Егер сіз басқа қалада тәжірибеден өтуге ниет білдірсеңіз, бұл мәселені кафедрамен және университеттің тәжірибе және жұмыспен қамту орталығымен алдын-ала талқылап, келісімшартты рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды қарастыруды ұсынамыз.
    Здравствуйте, уважаемая Салима Сагиевна!
    Пишут вам студенты 4 курса факультета междунродных отношений, права и бизнеса, проживающие в студенческом общежитии № 1. Скажите пожалуйста, планируется ли открытие спортивного клуба при общежитиях университета?
    Добрый день, уважаемые студенты. Открытие планируется до конца февраля, весь необходимый инвентарь приобретен. Сейчас проходит процедура оформления помещения.
    Жақын арада университеттің инфрақұрылымын жаңарту жоспарлануда ма?
    Жақын арада университеттің инфрақұрылымын жаңарту жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары басталды — қазіргі уақытта жаңа лифт орнатылуда, сонымен қатар оқу ғимараттарын жақсарту бойынша басқа да жөндеу жұмыстары жоспарланған. Біз студенттер мен оқытушыларға қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз, сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасатын болады.
    Университетте ақылы бөлімде үздік оқитын студенттерге немесе белсенді студенттерге қосымша шәкіртақы қарастырылған ба?
    Шартты негізде оқитын студенттерге шәкіртақының екі түрі қарастырылған:
    - Ректор шәкіртақысы – әлеуметтік осал санаттағы студенттерге арналған. Бұл шәкіртақы әлеуметтік жағдай мен қажеттілікті ескеретін белгілі бір критерийлер негізінде беріледі.
    - Абылай хан шәкіртақысы – жоғары академиялық нәтижелерді көрсететін үздік студенттерге тағайындалады.
    Шәкіртақыға өтініш беру үшін жоғары орташа балл (GPA) болуы қажет. Бұл шәкіртақылар студенттерді академиялық жетістікке жетуге ынталандыруға және қосымша қаржылық қолдау көрсетуге көмектеседі.
  • Қандай жағдайларда студент университеттен шығарылады?
    Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ академиялық саясатының 16-тармағына сәйкес білім алушы университеттен келесі жағдайларда шығарылады:
    1) академиялық үлгерімсіздігі үшін;
    2) оқу тәртібін бұзғаны үшін: университетпен байланысын жоғалтқаны үшін, оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен жүйелі түрде өткізіп алғаны үшін (4 аптадан астам), мәселен академиялық демалыстан немесе академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша (күнтізбелік он күннен аспайтын) қайтып келмегені үшін. Білім алушылардың сабаққа қатысуын бақылауды факультет Деканаттары жүргізеді;
    3) Академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;
    4) ЖЖОКБҰ-ның ішкі тәртіп қағидалары мен жарғысын бұзғаны үшін;
    5) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде оқу құнын төлемегені үшін;
    6) өз қалауы бойынша.
    Басқа университеттен Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ге қалай ауысуға болады?
    Басқа жоғары оқу орындарының білім алушылары, егер олар жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толығымен аяқтаған болса, ауыстырылады немесе қайта қабылданады. Бұл ретте білім алушы оқу жоспарлары пәндерінің айырмашылығын ескере отырып ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
    Білім беру гранты бойынша оқитын Студент білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыса алады.
    Ауысу және қайта оқуға түсу тек демалыс уақытында жүзеге асырылады.
    Жазғы семестрге қалай жазылуға болады?
    Жазғы семестрге жазылу білім алушының өтініші негізінде жүргізіледі. Жазғы семестрде игеруге арналған кредиттердің ең жоғары саны 15 академиялық кредиттен аспауы тиіс. Жазғы семестрдің ұзақтығы академиялық күнтізбемен анықталады және кемінде 6 аптаны құрайды. Деканаттар білім алушылардың назарына академиялық берешектер туралы, жазғы семестрді өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты жеткізуге тиіс. Жазғы семестрде оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
    Университеттің соңғы жылдағы негізгі жетістіктері қандай?
    2024 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ халықаралық білім және лингвистика саласындағы жетекші жоғары оқу орны ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастырды. Негізгі жетістіктердің қатарында: халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми жарияланымдардың өсуі, білім беру инновациялары, цифрлық технологияларды дамыту, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
    Алдағы 5 жылда ЖОО-ны дамытудың қандай стратегиялық бағыттары бар?
    Алдағы 5 жылда Университет өз алдына өршіл мақсаттар қояды: халықаралық интеграцияны тереңдету, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, білім беру бағдарламаларын әртараптандыру, тәжірибеге бағдарланған оқытуды кеңейту, тұрақты даму.
    Университет әлемдік рейтингтерде қандай орын алады және оны жақсарту үшін не істелуде?
    Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Қазақстанның жетекші университеттерінің қатарына кіреді және халықаралық рейтингтерде өз позициясын нығайтуда. 2024 жылы университет QS University Rankings, ҚР Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Бас рейтингі және "Атамекен" ҰКП рейтингінде өз позициясын жақсартты. Сонымен қатар, академиялық ортадағы беделге оң әсер еткен ғылыми жұмыстардың дәйексөздігін арттырды, халықаралық білім беру бағдарламаларын кеңейтті, бұл университеттің халықаралық студенттерге тартымдылығын арттырды.
    Рейтингтердің одан әрі өсуі үшін белсенді жұмыс жүргізілуде:
    ● Жоғары рейтингті журналдарда ғылыми жарияланымдарды кеңейту.
    ● Жаһандық конференциялар мен білім беру көрмелеріне қатысу арқылы халықаралық танымалдылықты арттыру.
    ● Интернационалдандыруды арттыру үшін шетелдік студенттер мен оқытушыларды тарту.
    ● Білім беру сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес оқу бағдарламаларын жетілдіру.
    Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Қазақстанда және одан тыс жерлерде шет тілді және халықаралық білім берудің флагманы болып қала отырып, сенімді түрде алға жылжуда.

Печать E-mail

универсиада замена