02.09.2024 жылы Қытайда 130 елден 147 қатысушы қатысқан 23-ші кезекті халықаралық «Әлем қытай тілі көпірі» байқауы аяқталды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, шығыстану факультетінің «Шетел филология (қытай тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша түлегі Кулмагамбетова Аружан Азия елдерінің қатысушылары арасында жеңіске жетіп, 1 орынға ие болды.