2024 жылдың 17-18 шілдесінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Министр Саясат Нұрбектің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Республикалық студенттік кеңестің IV отырысы өтті.
Июль 19, 2024
2024 жылдың 2 - 5 шілде аралығында Чжэцзян университетінің (Ханджоу қ., Қытай) өкілдігінің ресми сапары өтті. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-не ресми сапармен Чжэцзян университетінің вице-президенті проф. Сяньхай Хуан, Жеке экономиканы зерттеу орталығының директоры; Чжэцзян университетінің әлеуметтік ғылымдар факультеті директорының орынбасары проф. Шиюань Пань, Чжэцзян «Жаңа Дәуір» еркін сауда портын зерттеу институтының директоры, Чжэцзян университетінің халықаралық экономика кафедрасының меңгерушісі проф. Цзин Лу, Чжэцзян университетінің жеке экономиканы зерттеу орталығының бас хатшысы, проф. Цзыбинь Чжан және Чжэцзян университетінің жеке экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары проф. Чжикай Ван қатысты.
Июль 05, 2024
2024 жылдың 1-5 шілде аралығында ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор, ф.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Серёжкина Т.В. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ атынан Еразмус+ бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Universita Di Napoli L'Orientale Университетінің Жазғы мектебіне қатысты.
Июль 05, 2024
Стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.А. Құнанбаева бастаған Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ делегациясы 2024 жылдың 27 маусымында Үрімші қаласында (ШҰАА, ҚХР) өткен өндіріс, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қытай-Орталық Азия конференциясына қатысты. Білім беру саласындағы сандық ынтымақтастық жөніндегі форум және Қытай мен Орта Азия ЖОО ректорларының форумы аясында стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.А. Құнанбаева Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді цифрландыру процесі, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің осы бағыттағы ілгерілемелі қадамдары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, пікірталас аясында стратегиялық даму жөніндегі проректор ШЫҰ Университеттері аясындағы жұмысты қайта бастау, бүгінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асырылып жатқан Синьцзян университетімен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелерін қозғады.
Июнь 28, 2024
2024 жылғы 25 маусымда Қытай Халық Республикасына сапары аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Шихэцзы университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы Меморандум аясында Шихэцзы университетінің студенттеріне ҚазХҚжәнеӘТУ базасында қазақ тілі оқытылады. Сондай-ақ, «Халықаралық қатынастар» БББ бойынша PhD докторларын бірлесіп оқыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және университеттердің студенттері мен оқытушыларымен алмасу жоспарлануда. Шақыру үшін Шихэцзы университетіне алғысымызды білдіреміз!
Июнь 25, 2024
Қабылдау қызметкері/Әкімшілік үйлестіруші
Табыс деңгейі көрсетілмеген
Қажетті жұмыс тәжірибесі : 1-3 жыл
Июль 25, 2024
Назар аударыңыз!
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша студенттердің оқудан шығарылуына байланысты ЖОББ нәтижелері бойынша білім беру бағдарламалары бойынша бос орындар (2023-2024 жж. екінші жартыжылдық) қолжетімді болды.
Июль 24, 2024
«Журналистика» шығармашылық бағдарламасына түсуші талапкерлер назарына. Төмендегі тіркелген файлдарда шығарма тақырыптары мен бағалау критерийлері туралы мәлімет таба аласыз.
Июнь 20, 2024
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023
2023 жылғы 27-28 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Апр 12, 2023
2023 жылғы 27-28 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 24, 2023