Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2015 жылы 10 желтоқсанда «Шеттілдік кәсіптік білім берудегі біліктілікті үлгілеу» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Теориялық-әдіснамалық ғылыми-инновациялық парадигма негізінде кәсіби шеттілдік білім беру мазмұнын үлгілеу біліктілігінің бағыттарын жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.
Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі – 2015 жылдың 10 қарашасына дейін.
Жарияланым жарнасы – 3 500 теңге.
Жинақтың таратылуы қарастырылмаған (өздігінен алу).
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын