2020 жылдың 18 қарашасында Халықаралық қатынастардың кәсіби кафедрасы (жоғарғы курстар) ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы офисі басшысы, ЕҚЫҰ-ның елшісі Дьердь Сабо мырзамен кездесу ұйымдастырды. Кездесу Халықаралық қатынастар саласындағы болашақ мамандар – «5В020200 – Халықаралық қатынастар» және «5В050500-Аймақтану» мамандықтарының 3-4 курс студенттері үшін ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор М. У. Успанова, халықаралық қатынастар факультетінің деканы, ф. ғ. д. Хайруллаева В.Х., Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Асхат г., Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының СҒЗЖ жауапты Райымбекова А.А. және 40-қа жуық студенттер қатысты.
Кездесу онлайн форматта, жоғары деңгейде өтті. Кездесу барысында Елші Дьердь Сабо мырза дипломатиялық саладағы өз тәжірибесімен бөлісті, ЕҚЫҰ-ның қалыптасу тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұйымның қызметіне тоқталды. Студенттер ЕҚЫҰ қызметіне қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
Университет атынан Елші Дьердь Сабо мырзаға бізге бөлінген уақыты мен танымдық, қызықты кездесу үшін алғысымызды білдіреміз.