Мамыр айының 19 күні Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде 5 маусымында өтетін алдағы референдумға арналған семинар өтті. Семинарға университеттің ПОҚ мен студенттері қатысып, Президент Қ.К. Тоқаев ұсынған ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар алдында ф.ғ.д., профессор Д.С.Раев, ф. ғ. д., профессор З.С. Айдарбеков, п.ғ.к., доцент К.М.Кучуков баяндама жасады. Референдумның бірінші кезектегі мақсаттары мен міндеттеріне толығырақ тоқталып, ұсынылған өзгерістердің жағымды жақтарын түсіндіріп, әрбір азаматтың референдумға қатысуының маңыздылығын атап өтті.