2023 жылдың 5-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн формат бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану» білім беру бағдарламасынан 2-4 курс студенттері Байдаулетова А., Тұрарова А.Т., Ердосбаева Б.О., Абылкасымова А.Б., Пелевина К.В., Муратова М.Е., Қапан Н.С., Халел А.С., Кәдір С.Н., Ибраимова Н.Д., Ким А.Д. қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды:
2 курс студенті Кәдір Сәния Нұржанқызы – 2 орын, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.;
4 курс студенті Байдаулетова Адилям Мухитовна – 3 орын, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.;
3 курс студенті Абылкасымова Альбина Бауыржановна 3 орынды иеленді - ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Уралбаев С.С.
Ал, 2-4 курс студенттері Тұрарова А.Т., Ердосбаева Б.О., Пелевина К.В., Муратова М.Е., Қапан Н.С., Халел А.С., Ибраимова Н.Д., Ким А.Д. кәсіби шеберліктері үшін сертификаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Ғылыми жетекшілері: т.ғ.к. Омарова М.А., т.ғ.к. Есеркепова Ж.О., PhD докторы Дауен Д.Б., аға оқытушы, магистр Салимова Г.Д.
Университетіміздің абыройын асырған дарынды студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!