2023 жылдың 18-20 сәуірі аралығында Аружан Бекетқызы «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технология арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» проект аясындағы «Civic Tech Camp» бағдарламасына қатысты.
Бұл шеберлік сабағын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «IteachMe құзіреттілікті дамыту орталығымен» бірлесіп Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылық қолдауымен, жастар мен әйелдерді азаматтық технологиялармен, құралдармен және азаматтар мен үкіметтің өзара әрекетін жеңілдететін қызметтерімен таныстыру және ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырды. Сарапшылар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың жұмыс тетіктерін меңгеру және қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша науқандарды әзірлеу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Қатысушыларға өздерінің жобалық идеяларын әзірлеуге және оларды сәтті қорғауға мүмкіндік берілді. Аружан Бекетқызының тренингте алған практикалық тәжірибесі оған азаматтардың мүдделерін қозғайтын түрлі мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне тиімді қатысуға көмектеседі. Шеберлік сабағының соңында студентке сертификат табыс етілді.