Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бакалавриаттың В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау және В036 – Аударма ісі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша IAAR рейтингінде 1 орынға ие болды.
«IAAR University Ranking» халықаралық рейтингі жоғары оқу орындары қызметінің сапасын жан-жақты бағалауға бағытталып, IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) рейтингтерін құрудың халықаралық әдіснамалық стандарттарын, эмпирикалық зерттеулер жүргізу стандарттарын ескереді және жоғары оқу орындарының жаһандық білім беру және әлемдік кеңістікке интеграциялануына жәрдемдеседі.
IAAR сайтына сілтеме https://iaar.agency/rating