2024 жылдың 13 мамырында сағат 11.00-де Халықаралық құқық кафедрасы қонақтық дәріс аясында Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің 6В04201 – «Құқықтану» және 6В04202 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенттерімен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы қаласындағы Өкілі Малдыбаев Қазыбек Малдыбайұлымен «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметі туралы» тақырып бойынша кездесу өткізілді. Бұл ұлттық орталық Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі мүше-мемлекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындауына мониторинг жүргізетіндігін атап көрсетті.
Дәріс барысында Қ.М.Малдыбаев Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының маңыздылығына, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне, институттың адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметі мен бұзылған құқықтарды қорғау тетіктеріне тоқталды.
Азаматтардан келіп түскен жеке шағымдар бойынша оң нәтижеге әкелген жағдайларды: өтемақы, істі қайта қарау, нақты оқиғаларды тергеп тексеру немесе қатысушы мемлекеттің басқа да қорғау құралдарымен қамтамасыз ету негіздерін ұсыну түріндегі мәселелерді талқылады.
Кездесу сұрақ-жауап нысанында жүргізіле отырып, халықаралық заңгер тәлімгерлеріне адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді.
Талқылау соңында бірқатар студенттер өкілдікте кәсіби тәжірибеден өтуге ұсыныстарын білдірді.