2024 жылдың 25 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының Бас хатшысы Alwashmi Abdullah, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Khudair Alauddin; Стратегиялық және құрылымдық жоспарлау департаментінің директоры Althunayan Sultan; Құжаттама және мұрағат бөлімінің директоры Bin Hadbaa Abdulmajeed ресми сапармен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ге келді.
Кездесу барысында университет басшылығы атынан оқу ісі жөніндегі проректор Чакликова А.Т., Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Жылтырова Ж.Т., шығыстану факультетінің деканы Қагазбаева Э.М. және шығыс филологиясы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Зерттеу барысында араб тілін дамыту, араб тілінен халықаралық тілді сертификаттау, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы мәселелері талқыланды.