23-27 қыркүйек аралығында Стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.А. Кунанбаева бастаған Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ делегациясы Оңтүстік Корея - Сеул және Чонджу қалаларына барды. Сапардың мақсаты Jeonbuk International Cooperation Agency ұйымдастырған Чонджу қаласындағы Қазақстан-Чонбук университеттері ректорларының Форумына қатысу болды. Форум барысында біздің университет Чонбук провинциясының жеті университетімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ҚазХҚжәнеӘТУ делегациясы Jeonbuk National University, Hankuk University of Foreign Studies, Chung - Ang University, Wusook University, Jeonju National University сияқты серіктес университеттеріне барып, өзара ынтымақтастық, профессор-оқытушы құрамы мен студенттердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығы бағытындағы ынтымақтастық және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Ағымдағы оқу жылында Jeonbuk National University-де академиялық ұтқырлық бойынша Шығыстану факультетінің 24 студенті оқитынын ерекша атап өті қажет. Біздің делегация өкілдері студенттермен кездесу өткізіп, жаңа оқу-білім беру кеңістігінде бейімделу және әлеуметтену мәселелерін талқылады.
Оңтүстік Кореяның әріптес университеттеріне Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің ресми іс сапары халықаралық кооперация мен білімнің өзара экспортын іске асыру арқылы білім беруді интернационалдандыруды дамытуда жаңа серпін болатынына сенімдіміз.