2024 жылдың 18-19 желтоқсанында «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Төрағасының Оранбасары Джарасова Гульжан Сагидуллаевнаның қатысуымен «Тілдер және әдебиет», «Тілдер және әдебиет мұғалімдерін даярлау» бағыттары бойынша ЖБТ-ОӘБ РОӘК кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Алматы қаласы Білім басқармасының Басшысы Сайфеденов Сайран Тәпенұлы, ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Вице-президенті Каратабанов Руслан Адилханович, «Педагогикалық зерттеулер орталығы» Мекемесі Директоры Ахметова Гульнара Батырбековна және 25 ЖЖОКБҰ, ТжКБ және орта білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар Қазақстан Республикасында шет тілді педагогикалық білім беруді дамыту перспективаларын, шет тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселелерін және шет тілді білім беру кадрларын инновациялық даярлау мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасында шет тілді педагогикалық білім беруді дамыту перспективаларын талқылау нәтижелері бойынша жергілікті қажеттіліктерге сәйкес бейімделу тетіктерін қолдана отырып, сыналған халықаралық стандарттармен интеграциялау призмасы арқылы ағылшын тілі бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру мен сертификаттаудың ұлттық жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі кешенді міндетті іске асыру перспективасы айқындалды.
Қазақстан Республикасының шет тілді білім беруді дамыту тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.