2024 жылы 21-желтоқсан күні Астана қаласында өткен «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық форумда барлық үздік көшбасшы студенттер марапатталды. Бұл Форум "BILIM ORKENIETІ" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қорытынды іс-шара ретінде өткізілді. Форумға, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жампейіс Құралай Мәйкенқызының жетекшілігімен, Аударма және филология факультетінің 1 курс студенті Саркытбек Жаннур қатысып, алдын ала конкурстық іріктеуден өтіп, «ТМД үздік студенті» атағын алды!
Студентімізді лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!