2025 жылдың 24 қаңтарында Казах мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде есірткіге қарсы профилактикаға арналған «Біз өмірді таңдаймыз!» атты маңызды дәріс өткізілді. Бұл шара студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Дәрісті Алматы қаласының №7 поликлиникасы жастар денсаулығы орталығының терапевт дәрігері, Азиз Бахитжанұлы Ельшибаев жүргізді. Ол есірткі тәуелділігімен байланысты қауіптер туралы айтып, денсаулықты нығайту және зиянды әдеттерден сақтану бойынша ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, университеттің клиникалық психологы Мухаббат Армановна сөз алып, тәуелділіктерді болдырмау және өмірдегі қиындықтармен күресу үшін қолдануға болатын психологиялық әдістермен бөлісті.
Студенттер мен оқытушылар белсенді түрде пікір алмасып, маңызды ұсыныстар мен кеңестермен бөлісті. Шара оң әсер қалдырды және жастар арасындағы есірткіге қарсы профилактиканың маңыздылығын атап көрсетті.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға уақытылы әрі маңызды шара үшін алғыстарын білдіріп, бұл шара тек білім беру ғана емес, сонымен қатар денсаулықты сақтау мен зиянды әдеттермен күресу жолында одан әрі жұмыс істеуге шабыт беретінін атап өтті.
Университеттің оқу корпусы №1 фойесінде есірткі тәуелділігі және оның профилактикасына арналған фото көрме ұйымдастырылды. Көрме бірнеше тақырыптық бөлімдерге бөлінді:
- «Есірткі тәуелділігін профилактикалау Қазақстанда: бағдарламалар мен бастамалар»
- «Қазақстандағы наркоманияның тарихы: алғашқы жағдайлардан қазіргі тенденцияларға дейін»
- «Қазақстандағы есірткі туралы заңдар: қоғамды қорғау немесе қатаң шаралар?»
Фото көрме студенттер мен университет қызметкерлерінің назарын аударып, оларды есірткі тәуелділігі мәселесін тереңірек түсінуге және профилактикалық шаралардың маңыздылығын бағалауға шабыттандырды.
Диас Ситалиев
Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы