2025 жылдың 15 наурызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қабырғасында жапон тілінінен 28-ші Қазақстандық шешендік өнер сайысы өтті.
Ұйымдастырушылар:
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
Жапонияның ҚР-дағы Елшілігі.
Қазақстандағы жапон тілі оқытушылар қауымдастығы.
Біздің Шығыстану факультетіміздің студенттері: Мырзахан Батырхан, Руслан Аружан, Багышова Мадина және Ильяшева Сара қатысты.
Барлық 17 сайыскер жапон тілін жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетті!
Естеріңізге сала кетейік, бас жүлде Қазақстан Республикасындағы Жапон кәсіпкерлері қауымдастығының демеушілігімен - Жапонияға тегін жолдама!
1 орын – Амангельдиева Нұрай «Жек көретін сөзім»
2 орын – Садықова Әсел «Тұрақты күш-жігердің күші» (Kazakhstan Japan Silk Road Association арнайы жүлдесі)
3 орын – Толғанабева Мариям «Кемсітушілік шеңберінен шығу» (Құрмансейіт Батырхан мырзаның арнайы жүлдесі)
4 орын – Бейсебай Арьяна «Неге ата-анам мені шамадан тыс қамқорлады?»
5 орын – Багышова Мадина «Балалықтың сыбысы ересектік лабиринтінде»
6 орын – Рысбахова Риза «Әке, мен сені енді күтпеймін»
Біздің студенттіміз Багышова Мадина 5-ші орынмен құттықтаймыз!