27 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының Комьюнити орталығында «Жастар бизнесін дамыту және ілгерілету: Алматы қаласының жас кәсіпкерлерінің сараптамалық қорытындысы» тақырыбында Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Сарапшы» сараптама алаңы өтті. Университетіміздің атынан халықаралық қатынастар, құқық және бизнес, менеджмент және халықаралық коммуникациялар, шығыстану және шет тілдері педагогикалық факультеттерінің студенттері қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары «Сарапшы» сараптамалық алаңының жетекшісі Енлик Ормаханова, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Нурсултан Болатулы болды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Сарапшы» сараптамалық алаңы ақпараттық кеңістік үшін сарапшылар пулын қалыптастыруға, Алматы қаласының өзекті тақырыптары бойынша сарапшылық пікірлермен қамтамасыз етуге бағытталған. «Сарапшы» жастардың көшбасшылық қасиеттерін, ғылыми кадрлық резервін дамыту, қаланың ғылыми-сараптамалық мұрасын сақтау, сондай-ақ белсенді жастар мен аға буын сарапшылары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, жас ұрпақтың қоғамдық келісімі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосатын ғылыми және әлеуметтік-мәдени жобалар бойынша пікір алмасу, оқыту және бірлескен жұмыс алаңы болып табылады.
Негізгі мақсат: ақпараттық кеңістіктің сараптамалық ортасын қалыптастыру, жинақталған ұсыныстарды жоғары тұрған органдарға жолдау мақсатында өзекті қоғамдық-саяси мәселелер бойынша перспективалық ұсыныстарды талқылау және әзірлеу, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу, Алматы қаласында патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген.
Іс-шара барысында сарапшылар жастарды стартаптарды дамытуға атсалысуға шақырып, студенттерді өзіне және идеяға сенуге ынталандырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар:
1. Абылай Юсупов - пайдаланушылар әртүрлі салалардағы 70+ білім беру курстарына қол жеткізе алатын Upgrade Business онлайн платформасының негізін қалаушы
2. Абылай Алатаев – @kau.kz университетінің басқарушы серіктесі
3. Дамир Дюсенбай - «Outfitter kz» туристік агенттігінің негізін қалаушы
4. Иманбек Аскар – құс шаруашылығы саласындағы жаңа кәсіпкер
5. Лаура Ералиева - Yaya стартапының негізін қалаушы
6. Жакупов Нуржан Бауыржанович - Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі
7. Руслан Идрисов - Алматы қаласы мәслихатының депутаты
8. Ибрагимова Жанат - "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орынбасары.