Серіктестік байланыстар аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Оқу басқармасының Практика және жұмыспен қамту орталығының Басшысы Киікбай Мөлдір Киікбайқызы Almaty Polytecnic College-де болды.
Кездесу барысында IT мамандықтарының студенттері техникалық ағылшын тілі дағдыларын дамытуға бағытталған ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Серіктестіктің негізгі бағыттары:
- Білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған бірлескен білім беру жобаларын іске асыру;
- Колледж студенттеріне арналған үшін техникалық ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру.
Серіктестік екі негізгі бағытта жүзеге асырылады:
- Колледж студенттері дамып келе жатқан IT-нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, техникалық ағылшын тілін күшейтеді;
- ҚазХҚ және ӘТУ практиканттары практикинттары оқытушылық қызметке еніп, алғашқы кәсіби дағдыларын жетілдіреді.
Бұл ынтымақтастық білім беру мекемелерінің тиімді өзара іс-әрекетінің үлгісі болып табылады, студенттердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасап, олардың заманауи әлемдегі мүмкіндіктерін кеңейтеді.