2025 жылдың 27 наурызында ЖТН AP19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу салалары» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма және Филология» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда жобаның аға ғылыми қызметкері доктор PhD, шет тілдер сөйлеу тәжірибесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Куркимбаева Айжан Муратовна баяндама жасады.
Семинардың мақсаты кәсіби академиялық ортаны жоба қатысушыларының филология бойынша оқулықтардың аударма сапасына ішкі бағалау жүргізу нәтижелерімен таныстыру болды.
Семинар барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі ғылыми және оқу мәтіндерінің аударма сапасын бағалау алгоритмі талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.