Кореяда 9 қазан Корей жазу күні "한글날" атап өтіледі. Осыған орай, 7 қазан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Шығыстану факультеті мен корейтану орталығы осы мерекеге іс-шара өткізді. Іс-шараны факультет деканы Қағазбаева Э.М. және филология ғылымдарының докторы, шығыс тілдері кафедрасының профессоры Пак Н.С. құттықтау сөзімен бастады.
Іс-шараның ресми бөлімінде ұйымдастырушылар студенттерді Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корейтану орталығының қызметімен таныстырды. TOPIK емтиханың сәтті тапсырған студенттерді шағын сыйлықтармен марапаттап, корейтану орталығының еріктілер клубына қабылдау қорытындысын жариялады.
Сонымен қатар, 1-2, 3-4 курс студенттеріне арналған корей тілі мен мәдениеті туралы викторина өткізілді. Шығыстану факультетінің студенттерімен шағын концерттік бағдарлама әзірленді.
Ресми бөлімнен кейін Шығыстану факультетінің 3-4 курс студенттері жастар арасында танымал корей тағамдары кимбап пен токпокки тағамдарын дайындау сайысына қатысты. Студенттер өздерінің сүйікті тағамдарын дайындап, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізді. Барлық қатысушылар өз қабілеттерін көрсетіп, шығармашылық көзқарас танытты.
Нәтижесінде келесі тізім бойынша жеңімпаздар анықталды:
1. Ең дәмді кимбап
2. Ең дәмді токпокки
3. Үздік кимбап дайындығы
4. Дайындалған тағамдардың ең үздік таныстырылуы.
Шығыстану факультетінде мұндай шараларды өткізу игі дәстүрге айналған. Оқу жылы енді ғана басталды, шығыстану факультетінің студенттерін әлі талай қызықты сәттер күтуде.