Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Конфуций институты

    Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мен ҚХР Конфуций институтының Штаб-пәтері 2016 жылдың 25 қазанында Қытайдың Чунцин қаласындағы Батыс-Оңтүстік университетімен (Southwest University) бірлесіп, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің базасында Конфуций институтын ашу жөнінде келісімшартқа қол қойған.

    Конфуций институты 2017 жылдың 4 қаңтарында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің №07-М бұйрығымен ашылды. Конфуций институтының ашылу салтанаты 2017 жылдың 19 сәуірінде өтті. 2017 жылдың қыркүйекігінен бастап ресми түрде жұмыс жасай бастады.

    Институттың басты мақсаттары мен міндеттері:

    • студенттерге арналған қытай тілі курстарын ашу;
    • қытай тілі деңгейін анықтайтын тест (HSK, HSKK) тапсыруға арналған қысқа мерзімді курстар ашу;
    • қытай тілі деңгейін анықтайтын тесттер (HSK, HSKK) өткізу (жылына 2 рет);
    • қазақ және қытай мәдениетіне байланысты іс-шаралар ұйымдастыру;
    • қытай тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған семинарлар өткізу;
    • қытай тілі мен мәдениетіне байланысты оқу құралдары мен сөздіктер жасау;
    • студенттер мен оқытушылар үшін қытайтану ғылымына байланысты дәрістер ұйымдастыру;
    • қытайтану ғылымына арналған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
    • Қытайдағы жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру.

    Жыл сайын Конфуций институты түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Олардың қатарында шеберлік сабақтары, конференциялар және байқаулар бар. Осы іс-шаралардың ішінде ерекше танымалдылыққа ие болып, брендік мәртебеге жеткен үш тілде – қазақ, орыс және қытай тілдерінде өткізілетін «Абай оқулары» конкурсы ерекше орын алады. Сондай-ақ, «Қытай тілінің үздік оқытушысы» әдістемелік байқауы және «Қазақстандағы және шетелдегі қытайтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 

    Біздің мақтанышымыз:

    Конфуций институты дайындаған студенттер халықаралық конкурстар мен іс-шараларға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.

    Жыл сайын Қытайда дәстүрлі түрде өтетін бүкіләлемдік «Қытай тілі көпірі» байқауында біздің тәлімгерлеріміз екі рет Азиядағы ең үздік үштіктер қатарына кірді (2019 жылы – Азим Сұлтанов, 2021 жылы – Кирилл Лень).

    2024 жылы Аружан Құлмағамбетова Азия елдері арасында 1-ші орынды, бес құрлықтан келген жеңімпаздар арасында 4-ші орынды иеленіп, 130 елдің 147 қатысушысын басып озды.

    Контакт ақпараты:

    Мекен-жайы: Алматы қ., Муратбаев көш., 200

    Телефон: +7 (727) 292-49-67; +7 (727) 2920384 (1217 – ішкі нөмір)

    Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Ресми сайт: https://www.ablaikhan.kz

    Печать E-mail

    универсиада замена