Менеджмент және маркетинг

Менеджмент және маркетинг

ББ мақсаты: өңірлік және Ұлттық контексте ел экономикасының дамуы мен интегралды өсуін нығайта отырып, бизнесті ұйымдастыру және басқару саласында терең білімі бар Менеджмент және маркетинг мамандарын даярлау, сондай-ақ мемлекеттік және Ұлттық контексте практикалық қызметте сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін сапалы кәсіптік білім беру, Менеджмент және маркетинг саласындағы жеке кәсіпорындар, кез-келген саладағы ұйымдарда кәсіби құзыреттілікті алуға бағытталған.

Санат: Талапкерлер

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Дайындық бағыты: 6В041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламалары тобы: 044 Менеджмент және басқару

Білім беру бағдарламасының шифры:  «6В04103-Менеджмент және маркетинг»

Академиялық дәрежесі: менеджмент саласындағы бакалавр

Кәсіби қызмет саласы:

  • бизнесті басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке компаниялар;
  • өндірістік кәсіпорындар мен құрылымдар;
  • инновациялық даму жөніндегі менеджер;
  • менеджмент және маркетинг мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • бизнесті ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, әкімдіктер, олардың өңірлік бөлімшелері мен құрылымдары);
  • Қазақстан экономикасының түрлі салаларының өндірісі мен қызметтері саласындағы маркетингтік бөлімдер;
  • бизнес саласындағы тауарлар мен қызметтерді жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктері.

2024 жылы Атамекен ҰКП рейтингінің нәтижелері бойынша 6В04103-Менеджмент және маркетинг білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы бойынша 2-орынды иеленді.

ББ бірегейлігі 6B04103 – «Менеджмент және маркетинг» сарапшылардыңжұмыс берушілердің, жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми зерттеулер негізінде әзірленген 6В04103 - Менеджмент және маркетинг білім беру оқу бағдарламасын енгізу арқылы өзекті кәсіби құзыреттерді интеграциялау және білім беру процесін жаңғырту болып табылады.

Академиялық ұтқырлық: Болон процесі аясында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысады және Fribourg university-Швейцария, IULM-Италия, Applied Sciences Artevelde University (Бельгия) студенттермен алмасу бағдарламаларының қатысушылары болып табылады.

Шет тілдерін білуді бағалаудың жалпыеуропалық жүйесі (CEFR – Common European Framework of Reference for Languages) бойынша шет тілін (ағылшын) және ақылы негізде таңдау бойынша екінші шет тілін үйрену мүмкіндігі бар.

Бейіндік пәндер: География + Математика

Ең төменгі балл: ақылы бөлімшеге -65,

грант конкурсына қатысу үшін -80

Колледж түлектері үшін: тарих + менеджмент негіздері және Маркетинг негіздері

Ең төменгі балл: грант конкурсына қатысу үшін -25,

Ақылы бөлімшеге-сұхбаттасу

 Келесі бағыттар бойынша мамандар даярлау:

Печать E-mail

универсиада замена