Педагогика және психология

Магистратура - Педагогика және психология

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламасы:

7М01111-Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Магистратурада кадрларды даярлау ғылыми-педагогикалық бағытта жүзеге асырылады: оқу мерзімі -2 жыл). Оқыту түрі – күндізгі.

 «7М01111 - Педагогика және психология» ББ  мақсаты: терең ғылыми-педагогикалық, кәсіби дайындығы бар, өз бетінше шығармашылық ойлауға, кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау.

Оқу процесінде магистранттар заманауи педагогика және психология ғылымдары проблемаларын, қазіргі жоғары білімнің даму тенденцияларын, кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі білім алушылардың жеке-тұлғалық дамуын, білім беру процесін басқаруды, қазіргі кезеңдегі инновациялық педагогикалық менеджментті дамыту мәселелерін; ғаламдық білім беру процестерін басқару, білім беру саласындағы халықаралық қызмет, білім беру аясындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөнінде оқып үйренеді және т.б.

Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші жоғары оқу орындарында, Қазақстанның педагогикалық академиясында, «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінде, ғылыми-зерттеу институттарында және ҚазХҚжӘТУ-нің инновациялық зертханаларында ғылыми тағылымдамалар мен ғылыми зерттеу тәжірибелерінен өтеді.

Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

«7М01111 - Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының даралығы мен бірегейлігі оның еңбек нарығына бағдарлануында, білім беру қызметтерін тұтынушылар мен жұмыс берушілердің сұранысы бойынша базалық пәндерді толықтыратын элективті курстардың болуында. Процестік басқару тәсілі білім беру бағдарламасының тиімділігін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді; педагогикалық процесті үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасын іске асыруды ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын, сондай-ақ оқытылатын пәндердің профиліне сәйкес базалық білімі бар доктор және педагогика ғылымдарының кандидаты (профессорлар, PhD докторлар) дәрежесіне ие профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға сондай-ақ лектор және кеңесші ретінде шетелдік ғалымдар да тартылады.

Академиялық ұтқырлық шетелдік және қазақстандық білім беру мекемелерімен келісім шарт жасау арқылы дамып келеді. Мәселен, Пекин Орталық ұлттық университеті (Қытай), Отто Фридрих атындағы Бамберг университеті (Германия), Чанаккале Онсекыз Март университеті (Түркия Республикасы), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен және т.б. келісім-шарт жасалған. 

Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаларға:

  • ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріледі.

Магистратураны бітірушілер кәсіби қызметтің төмендегідей түрлерін атқара алады:

ғылыми-педагогикалық даярлық бойынша:

  • ғылыми-зерттеу іс-әрекеті;;
  • білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру;
  • білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
  • әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-әрекет;
  • ЖОО-ғы, педагогикалық колледждердегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес профильдегі қосымша білім беру мекемелеріндегі білім беру іс-әрекеті.

  Магистратураның білім беру бағдарламасын игергісі келетін тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі - бакалавр немесе жоғары білімді  маман дәрежесінде (педагогика және психология немесе әлеуметтік-гуманитарлық білімнің басқа салалары бойынша)  болуы керек.

Азаматтарды магистратураға қабылдау тәртібі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес белгіленеді.

Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) мекеме басшысының атына өтініш;
2) ұсыным хат;

3) жеке куәлік (көшірмесі);
4) нотариалды куәландырылған жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмелері, бағдарлама бойынша сынақтан өткендігі туралы куәлік (бар болған жағдайда);
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі (бар болған жағдайда);

6) 086-У медициналық анықтамасы;
7) кадрларды есепке алу парағы және нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының  көшірмесі (бар болған жағдайда);
8) тестілеудің төленгені туралы түбіртек;
9) құжаттар тізбесі. 

Печать E-mail

универсиада замена