Халықаралық қатынастар

Магистратура - Халықаралық қатынастар

7M03111 – Халықаралық қатынастар (ғылыми-педагогикалық бағыт),

7M03112 – Халықаралық қатынастар (бейіндік бағыт).

Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ-дың халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасы мемлекетаралық, үкіметаралық деңгейлерде әртүрлі халықаралық іс-шараларға, сондай-ақ шетелдік бизнес құрылымдарымен жұмыс істеуге дайын кадрлар дайындайды.

Магистратурада кадрларды даярлау екі бағытта жүзеге асырылады: бейіндік (оқу мерзімі 1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл). Оқыту күндізгі оқу нысанымен жүргізіледі.

Білім беру бағдарламасының міндеттері әлеуметтік ғылымдардың білікті магистрлерін дайындау болып табылады:

- еліміздің даму болашағын ескере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау;

- гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімді қалыптастыру және оларды ғылыми-педагогикалық қызметте қолдану;

- кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары магистрлердің негізгі және арнайы құзыреттерін қалыптастыру;

- магистранттардың тарих ғылым саласын талдауда ғылыми-зерттеу және эксперименттік әдістерінің негіздерін меңгеру;

- ғылыми ойлау мен дүниетаным контекстінде жалпыадамзаттық және әлеуметтік және жеке құндылықтарды қалыптастыру;

- кәсіби қызмет үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысады, жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми-зерттеу-талдау орталықтарында ғылыми тағылымдамадан және ғылыми тәжірибеден өтеді. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығымен, «Альтернатива» ғылыми зерттеулер орталығы, сондай-ақ «Қазақстан дипломаттары қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің филиалымен стратегиялық серіктестік туралы келісімге келген. Осы келісім аясында тараптар жоғары оқу орнынан кейінгі бітірушілерді оқу процесін ұйымдастыру, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналастыру тұрғысында ынтымақтастық орнату мақсатында бірлескен іс-шараларды ұйымдастырады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Магистранттар пәндерді модульдер бойынша оқиды:

- Модуль 1. Магистрлерді кәсіби даярлаудың жалпы гуманитарлық негіздері

- Модуль 2. Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдістемесі мен тұжырымдамалық негізі

- Модуль 3. Кәсіби шет тілін оқытудың теориялық және практикалық негіздері

- Модуль 4. Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық контекстіндегі цифрлық білім беру

- Модуль 5. Халықаралық құқық жүйесіндегі жаңа әлемдік тәртіп / Қазіргі заманның геоэкономикалық процестері және экономикалық қауіпсіздіктің жаңа парадигмалары (Minor)

- Модуль 6. Тарихи және қазіргі процестерді зерттеудің заманауи технологиялары

Minor блогі магистранттың «Халықаралық қатынастар» пәнінен тыс қосымша мамандануын қарастырады, негізінен екі жеке курстар түрінде оқытылады: «Халықаралық құқық жүйесіндегі жаңа әлемдік тәртіп», « Қазіргі заманның геоэкономикалық процестері және экономикалық қауіпсіздіктің жаңа парадигмалары».

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ халықаралық қатынастар магистратурасының оқытушылары – халықаралық тәжірибесі бар, жоғары ғылыми дәрежесі бар мамандар: әлемнің жетекші университеттерінің ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ғылыми-педагогикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар, сондай-ақ шақырылған шетелдік оқытушылар құрайды.

Кәсіби қызмет саласы – сыртқы саяси қызмет, мемлекетаралық ынтымақтастық, ғылыми-зерттеу қызметі, оқытушылық қызмет.

Кәсіби қызмет объектілері: халықаралық ұйымдар, жоғары оқу орны, сараптамалық орталықтар, ғылыми орталықтар және т.б.

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі:

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураның түлегі:

- халықаралық аренадағы өзгерістер мен аймақтардың, халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың жаңа жүйесінің қалыптасуын анықтай алады;

- аймақтардың, халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың теориялық бастауларының негізгі кезеңдерін және концептуалды негіздерін біледі;

- жаһандану үдерісінің негізгі мәселелерін және елдер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың күрделенуін, ұлттық және ұлттан жоғары принциптердің тоғысуын түсінеді;

- шет тілінің грамматикалық дағдыларын іс жүзінде қолдану, лексиканы қолдану саласы бойынша саралау дағдыларын меңгереді: жалпы ғылыми, ресми және дипломатиялық.

Абылай хан атындаңы ҚазХҚ және ӘТУ халықаралық қатынастар магистратурасының түлектері келесі бағыттар бойынша қызмет істей алады: дипломатия, халықаралық ынтымақтастық бойынша кеңес беру, аймақтану, геосаясат – мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда, мемлекеттік, үкіметтік емес, трансұлттық компаниялар және әртүрлі халықаралық жобаларды үйлестіру. Сондай-ақ, бағдарлама түлектері халықаралық ұйымдардың түрлі құрылымдарында еңбек жолын жалғастыра алады.

Печать E-mail

универсиада замена